Өндіріс

Өндіріс схемасы

«Tea House» ЖШС 2001 жылдан бастап өзінің күш-қуатымен жоғары сапалы өнім шығарады. Халықаралық сапа стандарттары негізінде қаланған, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының талаптарына жауап беретін өндіріс технологиясы бар екі фабрика іске қосылған.

Халықаралық стандарттарға сәйкестік

«Tea House» ЖШС жұмыскерлері, құрал-жабдықтар мен өндіріс үрдістері әр тұтынушының сапалы өнімге мүдделігін қанағаттандыру мақсатында жұмыс жасайды. Осы мақсатта «Tea House» ЖШС фабрикалары мен цехтары ISO 22000:2005 (Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі) талаптарына сәйкестік сертификатынан өтті.

Қосымша компания құрылымдары мен мүдделі тараптар арасында ақпарат алмасу, сондай-ақ MC ISO 22000:2005 талаптарына сәйкес қалыптастырылған менеджмент жүйесіне әрдайым талдау жасау жүйелері нық қойылған.

Қалталы шай өндірісі

Қалталы шайды бөлшектеп орау фабрикасы қалталы шай дайындау құрал-жабдығын шығару саласындағы көшбасшы - IMA итальяндық компаниясының технологиясы бойынша құрылған.

«Tea House» ЖШС шығарған қалталы шайдың ерекшелігі – сүзгі қағаздан жасалған қалта мен құлақшасы бар жіп металл түйреуішпен емес, жабысқақ азық-түлік бауы арқылы қыстырылады. Бұл тұтынушылар үшін жоғары жылдамдықтағы желілерде қолдануға ең тиімді және қолайлы екі камералық стандартты қалталарды шығарудың үздік әдісі.

Қалталы шай шығаруші фабриканың өндіріс қуаты айына 60 тоннаны құрайды.

Өлшеп салынатын шай өндірісі

Өлшеп салынатын шай шығарушы фабрика немістің Bosch және ағылшынның Marden Edwards компанияларының технологиялары бойынша салынған. «Tea House» ЖШС шайды екі түрлі қаптамада шығарады: картон және жұмсақ қамтама.

ӨНДIРIС
ШЫҒУ
ШАГ 1
Шикізатты жүктеу алдында, тасымалдаушы шайдың үлгісін Tea House зертханасына жедел-пошта арқылы жібереді.
ШАГ 2
Зертхана шай үлгісін органолептикалық қасиетіне және белгіленген стандартына сәйкестігін талдайды. Тек «Tea House» компаниясының титестері мақұлдауынан кейін, жүктелген шайды Алматы қаласы фабрикасына жіберіледі.
ШАГ 3
Шикізат қоймаға келгеннен кейін, жүктеу алдында, мақұлданған үлгілермен салыстыру үшін, одан тағы да үлгі алынады. Егер бұл үлгі мақұлданбаса, контейнер тасымалдаушының есебі арқылы қайтып жіберіледі.
ШАГ 4
Шикізатты өндіріске жіберу алдында, қоймада құртылмағанын анықтау үшін, қайтып зертхананың талдаудауынан өтеді.
ШАГ 5
Шикізат соңғы тазалаудан өтеді: магниттік барабаннан тағы бір рет өтіп, елек және сору (түйіршіктің немесе жапырақтың тасымалдауы барысында пайда болынған шаңды сору).
ШАГ 6
Шикізат тазалаудан өткеннен кейін купаждық мұнараға жіберіледі. Шикізатты сол жерде арластыруға болады.
ШАГ 7
Купаждық мұнарадан шикізат бөлшеткеп өлшелінеді: біріншіден оны герметикалық полипропиленді металданған пакетке қаптайды, содан кейін қорапқа қаптайды. Әрі қарай қорап сыртынан полипропиленді үзіп шешілетін кесіндісі бар пленкамен оралынады. Осы жұмыстын бақылауында тұратын қаптаушы шайдың бөлшектеп өлшелінгенін және қапталу сапасын тексеріп, қайталама гофротара қорапқа қаптайды.
ШАГ 8
Әрбіртауарпартиясынан 3 үлгісін зертханаға жазғызып алынады, сол жерде дайын өнімді тексереді: қораптын сапасын, маркировкасын. Бір қорап ашылып, органолептикалық соңғы бақылаудан, ал баска екеуі – фабриканың мұрағатына үлгі ретінде сақталынады. Ол жерде 2 жылға сақталынады – сақтау мерзімі аяқталғанына дейін. Мұрағатүнеміжаңартылады.